Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заманауи тәрбиеші-2018»

22.02.2018

         Бөбекжайымызда

бөбекжайішілік «Заманауи тәрбиеші-2018» байқауы болып өтті. Байқауымыздың

мақсаты бөбекжай ішіндегі тәрбиешілердің шығармашылық шеберліктерін шыңдау

мақсатында, үлгілі озат тәрбиешілерді 

көрсету және де аудандық байқауға қатысушыны анықтау болып табылды.  Хореограф Камалиева Асемгул Сергалиевна

жүргізуші болып, байқауды өткізді. Байқауға бөбекжайдан алты үміткер Уалиева

Ризагуль Сагандыковна, Ибраева Саягуль Мукановна, Айтжанова Алмагуль Сагандыковна,

Атабаева Алтынай Сериковна, Жалмагамбетова Нургуль Сабитовна, Каримова Гульден

Аскаровналар қатысып, бақ сынады. Қатысушыларымыз  ашық ұйымдастырылған оқу қызметін, «Өзін-өзі

таныстыру»  кезеңінде 3-5 минутта (әр

қатысушы  өзі, отбасы, қызметі туралы

еркін немесе өлең түрінде айтып беруі тиіс; слайд немесе бейнеролик қолдануға

болады), ал екінші кезеңде 5-7 минутта  «Менің шығармашылық шеберханам»  (әр тәрбиеші  өзінің түйінді мәселесін жүзеге асыру бойынша

қолданған технологиялары, балалардың көрсеткіштері мен жетістіктері т.б.)

туралы өз ісінің шебері екендігін көрсетуге дайындалды. Білім беру үрдісінің

жаңа мақсаттары мен міннедірн негізгі жүзеге асыратын, әрине заманауи тәрбиеші.

Шығармашыл  педагог қана, шығармашыл

тұлғаны қалыптастыра алады.  Педагогтың

кәсіби біліктілігі мен оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және

әдіснамалық негізі болып табылады. Қатысушыларымыз барлық кезеңдерден сүрінбей

өтіп, әділқазылардың шешімі бойынша белсенді қатысқан Ибраева Саягуль,

Айтжанова Алмагуль, Жалмагамбетова Нургуль марапатталса, үшінші орынды Каримова

Гульден, екінші орынды Уалиева Ризагуль иеленсе, бірінші орынға Атабаева

Алтынай ие болды. Байқау соңы ән мен жырға, биге ұласты. Саз жетекшілеріміз

Райхан мен Әсемгул ән шырқап, жарқын көңіл-күй сыйлады. Психологымыз Кунтай Амиргалиевна

педагог, тәрбиешілерімізбен бірге «Мөлдір, Қуат, сәуле» психологиялық жаттығуды

істеп, «Құбыр» психолгиялық тренингін өткізді.

 

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст