Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің өрт сөндірушілер!

22.02.2018

Біздің өрт сөндірушілер!

 

        Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың

бірі-өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен

батылдылықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген

батырлардың құрал-саймандары  сақадай

сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі

мүмкін. Егер белгілі бір жерде өрт шыққан жағдайда ең бірінші қоңырау дабылы

осы мекемеге түседі. Арнайы тұтқада отырған кезекші диспетчер оқиға болған

орынды анықтап, жақын маңдағы өрт сөндіру көлігін жіберуге тырысады. Лаулаған

оттың көп аймақты шарпымай тұрғанша, өрт сөндірушілер жедел қимылдап, сөндіруге

жанталасады. Дабыл қоңырауы түскен жерге бірінші болып жеткен өрт

сөндірушілердің ең бірінші арнайы құбыршекті жақын маңдағы су ағатын құбырларға

болмаса көліктің су сақтайтын бөлігіне қосады. Қызыл жалынның беті қашан

қайтатынын ешкім білмейді. Кейбір лаулаған отпен арпалыс, бірталай күнге де созылуы

мүмкін. Осы уақытта шарпыған оттың арасында қалып қойған жандарды құтқару үшін

өрт сөндірушілерге лаулаған жалынның ортасына кіруге тура келеді...... Міне,

өрт сөндіруші мамандық туралы ойлар...

 

         «Ақбота»

бөбекжайында өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларына байланысты 30 қаңтар күні Щучинск қаласының жасаққа

қарасты №24, №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері қатысып, ірі масштабты

өрт тактикасы бойынша өрт- тактикалық жаттығулар  сабағын өткізді. Бұл ірі масштабты

өрт-тактикалық сабаққа Щучинск қаласының бөлім бастығының орынбасары, азаматтық

қорғау майоры Сарсембаев Рустем Каиргельдинович, Щучинск қаласы жасаққа қарасты

№19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау  майоры Круглов Владимир Викторович, Щучинск

қаласының өрт сөндіру бөлімінің басшысының орынбасары Кулымбасов Берик

Негметович, Щучинск қаласы жасаққа қарасты №19 мамандандырылған өрт сөндіру

бөлімінің аға инженері, азаматты қорғау лейтенанты Тасыбаев Ернар Мейранович,

осы бөлімнің аға инженері, азаматты қорғау лейтенанты Жузбаев Ерлан Серикович, Щучинск

қаласы жасаққа қарасты №24 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының

уақытша міндетін атқарушысы азаматтық қорғау капитаны Есимов Анарбек

Рысбекович, Щучинск қаласы жасаққа қарасты №24 мамандандырылған өрт сөндіру

бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Бульда Александр

Владимировичтердің қатысуымен ұйымдастырылып, өрт техникалары және

өрт-техникалық құралдарымен келіп, тәжірибелік сабақты өткізді. Бұл жаттығуды

өткізуге Бурабай аудандық ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері, «жедел шақыру»,

«қалалық электр жүйесі» ұйымының мамандары қатысты. Өткізілген тәжірбиелік

сабақтың мақсаты: күзет қарауылындағы бөлімнің өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын

жүргізуді  жаттықтыру,  өрт сөндiру үшiн қажеттi өрт-техникалық

жарақтарды қолдану, пайдалану және де бөбекжай, қызметкерлерін және  тәрбиеленушілерін басқа жерге көшіру

жағдайларын ұйымдастыру болып табылды. Бұл сабақта «Б» оқпанымен жұмысты

жүргізудегі көбiк немесе су шашу арқылы жоғары температураны төмендету жөнiнде

шаралар қолданылып және де  тыныс алуға

жарамсыз орта болғанда сөндiру жөнiндегi жұмыс оқшаушы противогаздар арқылы

жүргiзiлдi, түтiн сорғыштар және жарық беру құралдары қолданылды, бөбекжай

қызметкерлерін және тәрбиеленушілерді басқа жерге көшіру жұмыстары

жүргізілді.  Осы өрт сөндіру бөлімінің

басшылығымен өткізілген бұл сабақта өрт қызметкерлері жоғары тактикалық шеберлiктерiмен,

белсендi, табанды iс-қимылдарымен,  шешушi бағытқа күш пен құралдарды дер кезiнде

шоғырландыруды енгiзумен, оларды шебер басқарумен өздерін өз кәсібінің шынайы мамандары

екенін көрсете білді.

Өрт  кезінде бөбекжай балаларын қалай

 эвакуациялау (егер

қосымша шығар жолды от басса,  егер

топтан шығатын жерді 2-қабатта өрт шықса, егер 1-қабаттағы топтан шығатын жерді

өрт болса), топта электр құралдары салдарынан өрт болған жағдайларда өзін қалай

ұстау керек екендігін тәптіштеп түсіндіріп айтып өтті. Өрт кезінде құтқарушыларға көрсетілетін

алғашқы көмек жайы туралы да толығымен түсіндірді. Соның бірін айта кетсем: Өрт

шыққан кездегі тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісінің іс-әрекеті:

1. Айналасындағы жағдай мен өз күшін бағалауға тырысу. Балаларды

тыныштандыру. Абыржуды болдырмау. Балаларды қайтадан санау.

2. Балаларды сапқа тұрғызу. Тәрбиешінің көмекшісі сулы орамалдар үлестіреді

(онымен ауыз-мұрынды жабады).

3. Тәрбиешінің көмекшісі балалардың жартылай отырған күйде, олардың сүйеніш

қанаттан емес, қабырғадан ұстағанын бақылай отырып, топ бекітіліп қойылған

шығатын жерге әкеледі. Тәрбиеші соңында жүреді.

4. Балаларды өрт командасының ғимаратқа кіретін жолына кедергі болмайтындай

қашықтықтағы қауіпсіз жерге апару керек.

5. Балаларды «Қатысушылар табелімен» салыстыра отырып, қайтадан санап, мәліметтерді

жауапты адам-әдіскерге беру қажет. Міне, осы сияқты нұсқаулықтарды оқып, біздің

бөбекжай қызметкерлері, педагогтарына көптеген мәліметтер, қауіпсіздік

ережелерін берді. Бізге

өрт қауіпсіздігінің алдын алу  мақсатында

өткен осы тәжірбиелік сабақты ұйымдастырған Щучинск қаласы өрт сөндіру бөліміне

және Щучинск қаласы жасаққа қарасты №19,24 мамандандырылған өрт сөндіру

бөлімдерінің өрт сөндіру қызметкерлеріне, атап айтар болсақ Щучинск қаласы №19

мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау  майоры Круглов Владимир Викторовичке және

тәжірбиелік сабақты өткізген 

қызметкерлерге алғысымызды айтамыз.

 

 

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының әдіскері

Бекенова Меруерт Джексенбековна

 

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст