МКҚК «Ақбота» бөбекжайының
2017 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы есебін
көпшілікке ұсыну
«Ақбота» бөбекжайы «Мектепке
дейінгі балалар ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» және «Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта біліммен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге
құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен жұмыс істейді.
2017 жыл бойынша көрсетілген
мемлекеттік қызмет есебі-160- ты құрайды, барлығы қағаз жүзінде іске асырылды, соның
ішінде;
1.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды
қабылдау» -152;
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта біліммен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген
тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау» -8;
Ай сайын көрсетілетін мемлекеттік
қызмет туралы есеп аудандық білім бөліміне жіберіледі. Белгіленген мерзімде көрсетілмеген мемлекеттік қызмет саны жоқ.
2017 жылы бөбекжайымыздың директоры Бостанбаева Бақыт Асылбековна мен әдіскері
Бекенова Меруерт Джексенбековна «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын
арттыру» тақырыбында біліктіліктерін көтерді.
2017 жылдың 1 қаңтар мен 31
желтоқсан аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ешқандай
арыз-өтініш түскен жоқ.
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының директоры
Бостанбаева Б.А