Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана – аса қымбатты жан»

13.03.2018

«Ақбота» бөбекжайында

8 наурыз аналар күніне арналып  «Ана – өмір нұры» атты ертеңгілік

мерекеленіп өтті. Ортаңғы «Еркетай»,

«Қошақан» және «Балдырған»  топтарында

«Ана – аса қымбатты жан» атты  ертеңгілік  топ тәрбиешілерімен  және саз жетекшісі Исенова Сымбат

Төлеуғалиқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл ертеңгілікте Күннің көзі, Боран

және Көктем ханшайымы қатысты. Ертеңгілікте күннің көзі ортаға жылап кіреді,

себебі боран күннің көзінің шуақтарын тартып алыпты. Балалар боранның айтқан

тапсырмаларын орындау арқылы күннің көзі шуақтарын бір-бірлеп қайтарып

отырады.  Ертеңгілікте балалар  «Анаға сыйлаймыз», «Анашым қартаймашы» әндерін

және «Аспаздар», «Сағаттар» билерін биледі. Ата аналар мен «Анам менің сұлу»

ойыны ойнатылды. Осылайша ертеңгілігіміз ойдағыдай өтті. Балалар аналарына

арнап жасаған сыйлықтарын таратты.

IV   ортаңғы «Көбелек» тобында «Ана -

аса қымбатты жан» атты ертеңгілігі топ тәрбиешілері Нуртазина Аягөз Сериковна,

Бейсенова Шолпан Муратбековна, саз жетекшісі Жалманбетова Райхан

Темирбулатовнаның ұйымдастыруымен өткізілді. Ертеңгілік кейіпкерлеріне  Мұңайған күн және дауылдаған боран енгізілді.

Бүлдіршіндер  келген қонақтарға  фонограмма (-) пен «Апа» және «Әжем менің»

және «Мама» әндерін тарту етті. Сондай-ақ балалар аналарына арнап «Жүрекше»

және «Газет» биін  билеп берді. Жүргізуші

келген ата аналармен көңілді «Анашым менің» ойынын ойнатты. Осылайша балалар

өздерінің ән жырларымен күн кейіпкерін бораннан құтқарады. Мереке қарсаңында

балалар өздерінің жыр тақпақтарын  да

аналарына айтып берді. Ертеңгілік соңында бүлдіршіндер  естелік ретінде суртеке түсті. 

 

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст