Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Анашым-асыл қазынам

13.03.2018

Анашым-асыл қазынам

          Көктемнің алғашқы, шуақты наурыз

күндерінің 5-ші жұлдызында «Ақбота» бөбекжайында 8-ші наурыз Халықаралық аналар

мерекесіне арналған «Анашым-асыл қазынам» тақырыбында І-кіші топтар арасында

«Ана өмір нұры» атты ертеңгіліктер топ тәрбиешілері және саз жетекшісі

хореограф Камалиева Асемгуль Сергалиевнамен ұйымдастырылып,  өткізілді. Ертеңгілік  «Бауырсақ» ертегісі желісінде жүргізіліп, Бауырсақ

домалап  балаларға келіп, көмек сұрайды.

Балалар қуана бауырсағымызды Қояннан «Балапан» әнін шырқап құтқарып қалады.

Осылайша кейіпкеріміз  Бауырсақ Аналар

мерекесін балалармен бірге тойлауға қалады. 

Көп ұзамай қонаққа Аю мырза да келіп жетеді. Аюда Бауырсақты көріп жеп

қойғысы келеді. Бірақ біздің кішкентай өнерлі ұлдарымыз «Джентельмендер» биін

билеп, Бауырсақты аман алып қалды. Ертеңгілік Аю мырзаның «Көмекшілер» ойынымен

жалғасын тауып, жерде шашылып жатқан ойыншықтарды екі топқа бөлініп қорапқа тез

жинады.  Содан кейін қонаққа қу Түлкі

келіп, Бауырсақты жеп қойғысы келеді. Бірақ Түлкіні мың бұралған, сүйкімді де,

аяулы қыздарымыз «Қуыршақтар» биімен көрермендерді қуантып, Бауырсақты

құтқарады. Бауырсақ балаларға ризашылығын білдіріп, балалармен қызықты ойындар

ойнады. Бауырсақ балалардан тағы бір көмек сұрады. Ол әжесін ренжітіп алғанын,

айтты. Балалар Бауырсақтың  әжесіне арнап

«Әжем» әнін шырқап, сыйға тартты. Аналарға арналған мереке осылай өз мәресіне

жетті. Балалар аналарына арнап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады.

Аналардың жүректері  елжіреп, қуанышқа

бөленді. Барлық аналарға тілерім: ақ жаулықты аналарымыз аман болып,

шаңырақтарыңда шаттық ойнасын. Өйткені  бүгінгі күн, аналар үшін Ақ тілектер

тасқындайтын күн. Әр кез аспаныңыз ашық болып, бүлдіршіндеріңіз жадырап жүре

берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын!!!,-дейміз.

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст