Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Балапан» тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Қош келдің, жарқын жаз!” жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспары бойынша «Мейірімділік сабақтары» апталығында балаларға мейірімді, кішіпейіл болу ұғымын түсіндіруде, сюжеттік суреттерді пайдалана отырып, әрқашан достарына, үлкендерге көмек қолын созып, жақсы іс атқару, үлкендерді тыңдап жақсы болып өсу туралы әңгіме өткізілді. Ойын “Жүрек ” арқылы балаларды татулыққа,сыйластықта болуы үшін ұйымдастырылды. Жазғы сауықтыру іс-шарасында, “Айсұлу қуыршақтың бантигі” суретін бояу мен желіммен жұмысында балалардың көңіл - күйі көтерілді.