Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Балапан» тобы балаларының табиғаттағы еңбек және бақылау әрекеті. Серуен кезіңдегі еңбек және бақылау әрекетінде балаларды, еңбекке баулу және жәңдіктерді бақылау әрекетімен баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері артады. Балалардың еңбек тәрбиесінің басты бағыты ойын әрекетімен байланысты болғандықтан, “Балапан” тобының балалары құмсалғышқа құм жинау ойынын ойнап жүріп, құмсалғышқа құм жинады.Тәрбиешінің жетекшілігімен ағаш жапырағын және жапырақтағы жәңдіктерді бақылау балалар қызығушылығын оятты.