Текст
"Ақбота" бөбекжайының "Қошақан" ересек тобында тәрбиеші Уалиева Ризагуль Сагандыковнаның жетекшілігімен "Ас атасы -нан" апталығында балаларға нан туралы мағлұмат беріліп, ұннан қамыр илеп көрсетті. Сурет арқылы "Масақ " ертегісін айтып түсіндірді. Балалар тұзды қамырдан мүсіндеудің әдістерін қолдану арқылы пицца жасап, дәнді дақылдармен әшекейледі. Ертегі арқылы балалар еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиеленсе, дәстүрден тыс сурет салу қызығушықтарын артып, ұқыпты болуға үйретеді.