Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Ерте,ерте,ертеде..." әжесінің ертегі

20.08.2024

 "Құлыншақ" мектепалды тобының тәрбиеленушісі Нұрғали Нұрхан үйде  "Ерте,ерте,ертеде..."  әжесінің ертегісін тыңдап отыр. 

Ертегі тыңдап өскен бала болашақ өміріне бағыт қалыптастыра алады. Кейіпкердің батыр тұлғасына қарап, үлгі алады, бой түзейді. Мамандар баланы ұйықтатар алдында қандай да бір ритуалдың болуын дұрыс деп есептейді. Демек, күнделікті қайталанатын әрекет баланы өздігінен ұйықтатуға да­йындайды. Мәселен, ұйықтар алдында бет-қолды жууды әдетке айналдырады емес пе?! Сол секілді жатар алдында баламен сөйлесу, әңгімелесу, жақсы сөз айту тиімді саналады. Сондықтан балаңызға жатар алдында ертегі я болмаса мағыналы әңгіме айтуды әдетке айналдырғаныңыз жөн.
Қазір дамыған заман деп жатамыз. Мәселен, «Инстаграм» әлеуметтік желісінде «Қазақ ертегілері», «Ертегілер елінде» деген бірыңғай ертегілер жарияланып тұратын арнайы парақша бар. Кітапты қалтафон алмастырған мына қоғамда электронды оқулық пен әлеуметтік желіні өз пайдаңызға қолдансаңыз жетіп жатыр. Уақытыңызды да үнемдей аласыз. Балаңызға ертегі оқып беріп, оның таным көкжиегінің кеңеюіне де сеп боласыз.
Ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, бала тапқыр болсын деген ниетпен жұмбақ шешімін табуға үйретеді, тілі таза болсын деп жаңылтпаш жаттатады, ойы шыңдалсын деп өлең оқытады. Иә, «Тәрбие – тал бесіктен» деген қазаққа ұлттық құндылығымыз жоғал­масын десеңіз ертегі оқуға ерінбеңіз. Бүгінде ұлттық тәрбиенің негізі саналатын ертегі өгейсіп тұр. Шындығында ата-ананың ертегі айтуға уақыты жоқ. Бала өтінішін орындамай тыныш отырса болды деп телефон ұстата қояды. Күн ұзағына күнкөріс қамы деп шаршаған ата-ананы да түсінуге болады, әрине. Дей тұра бала тәрбиесі бәрінен биік тұрады емес пе? Бір мезгіл бала тәрбиесіне көңіл бөліп, уақыт табуға болмас па еді. Тиынның да екі жағы болады. Бүгінгі жас ата-аналарды да біржақты қаралай беруге болмас. Заманауи әжелеріміз де жетіп жығылады. Әрине, заманына қарай адамы. Дегенмен ұлттық құндылықты сақтай отыра оны заман ағымымен ұштастыру да керек.
Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст