Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Көбелек» тобының тәрбиешісі: Накенова Айнұр “Көңілді жемістер” ұйымдастырылған іс-әрекетте балаларға жемістердің пайдасын және адам ағзасына әр-түрлі дәрумендер қажет екенін айтып өтіп, жемістердің ағашта өсетіні туралы ақпараттармен таныстырды. Күнде түрлі көкөністер мен жемістер жеу арқылы біз өзімізді жақсы сезініп, денсаулығымызды сақтай аламыз. Дәрумендерді толықтыратын табиғаттың бізге берген ең пайдалы тағамдары деп, әр жемісті көрсете отырып, түстерін айтып, түсінік берді.