Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Крепыши" тобында тәрбиеші Курмангазина Н.К ұйымдастыруымен "Бау-бақшадағы дәрумендер" атты іс-әрекет өткізілді.
Мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністерді орынды пайдалана білуге үйрету. Олардың аталуы,құрамындағы кездесетін дәрумендері,оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Балалар көкөністердің пайдасымен танысып,жұмбақ шешіп,ойын ойнады. Жемістер бақта яғни ағашта,ал көкөністер бақшада өседі.
Бақшада өсетін көкөністердің суреттерін су бояуды қолданып бояды.
Алма,алмұрт,қарбыз,қауын,
Бәрі бақта піседі.
Жапырақтар сусып-сусып,
Жерге жәймен түседі.