Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл мерекесі – ел мерекесі»

30.09.2020

  Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде  бірге өшемін!- деп, ақын ӘбділдәТәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың  бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары.  Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Осыған орай аталмыш мереке біздің де ошақта атлып өтілді. Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында 7-17 қыркүйек күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл мерекесі – ел мерекесі»  атты тілдер апталығы өткізілді. Аталмыш мереке апталық аясында бекітілген жоспар бойынша тәрбиешілер мен пән мұғалімдері Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, өнерін таныстырып апталықтың белесене өтуіне ат салысты. 07 қыркүйек күні сағат: 10.00-10.30-да «Тіл – мәңгілік байлық» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы болды. Ашылу барысында тәрбиешілер I - кіші «Нұрсәуле» тобы «Қазақ» ұлтын, I - ортаңғы «Балапан» тобы  «Орыс» ұлтын, II-ортаңғы топ “Неміс» ұлтын, I-ересек тобы  «Украин» ұлтын, II-ересек «Балдырған» тобы «Грек» ұлтын, III- ересек  «Еркетай» тобы «Үнді» ұлтын, I-даярлық «Құлыншақ» тобы «Татар» ұлтын және II-даярлық «Қошақан» тобы «Өзбек» ұлттарын яғни әр ұлт өкілдерімен таныстырып, амандасуын айтып өтті. Ал, балалар осы мерекеге орай өздерінің тіл туралы тақпақтарын айтып әдеби монтажды ұсынды. Мереке соңында тәрбиешілер балаларға арнап ырғақты флешмобты тарту етті. 8 қыркүйек күні сағат: 10.00 – 10.30-ға  дейін «Өнермен бірге жасайық» атты әр ұлт дәстүрлерінің көріністері мен ән-би өнері өткізілді. Мерекеде балалар әр ұлттың билерін билеп, өнерлерін ортаға салды. Тәрбиешілер  әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен  әдеп-ғұрыптарын түсіндіріп, көріністерін ұсынды. Қыркүйек айының 9 күні түстен кейінгі уақытта сағат: 15.30 -16.00-ге дейін балаларға арналған «Кел, ойнайық бүлдіршін!» атты әр ұлт өкілдерінің  ұлттық ойындары ойнатылды. Балалар ойындарға белсене қатысып, өздерінің шапшаңдықтары мен жылдамдықтарын көрсете білді. Ойындар өте қызықты әрі сиқырлы өтті. Қыркүйек айының 10 жұлдызында сағат: 11.00-11.30-да музыкалық залда «Халық ертегілері әлемінде» атты балаларға арналған слайд арқылы мультфильм жүргізілді. Балалар мультфильмді қызығушылықпен көріп күлкіге қарық болды. Ертегі желісіндегі кейіпкерлерді балалар атап өтіп,  көңілдері шат-шадыман болды.  Осындай халық ертегілері балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятуға тырысады. 11 қыркүйек күні сағат: 10.00-10.30 дейінгі уақытта «Тілім барда мақтанам» атты барлық топтар арасында бүлдіршіндердің сурет көрмесінің байқауы өткізілді. Топ тәрбиешілері балаларға сурет салуға көмектесіп, олардың сурет салуға деген құлшыныстарын арттырды. Балалар  салған суреттерінде  тілге, елге деген  құрметтерін білдірді.  Байқау өте белсенді өтіп, жеңімпаздарды марапттады. 14 қыркүйек күні сағат: 11.00-11.30-ға дейін музыкалық залда балалармен бірге «Біргеміз бәріміз, жарасады әніміз» атты тіл мерекесіне орай әр ұл өкілдерінің әндерінен үзінді шырқап, тілге деген құрметімізді білдірдік. Балалар алма-кезек сахна төріне шығып өздерінің өнерлерін көрермендерге тарту етті. Бөбекжайдағы әр бүлдіршін, әр балапан болашақ жұлдыздар мен өнер иелері. Балаларды өнерге баулу олардың патриоттық сезімдерін оятады. 15 қыркүйек күні  сағат: 10.00-10.30-ға дейін бөбекжайда «Біздің бақытты шақ» атты балалардың тіл мерекесіне орай арналған тақпақтар сайысы өткізілді.  Балалар тақпақтарын іштегі көтеріңкі көңіл күймен мәнерлі айтып, көрермендерді бір серпілтіп тастады. 16 қыркүйек күні сағат: 09.30-10.00-ге дейін тәрбиешілер топ ішінде «Тіл татулық тірегі» атты тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаты барысында тәррбиешілер  тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметін,  мемлекеттік тіліміздің мәртебесі  жайлы айтып өтті. Сондай-ақ 17 қыркүйек күні сағат: 10.00-10.30-ға дейін «Достығы жарасқан – көп ұлтты Қазақстан» атты балаларға жұмбақ, мақал-мәтелдер кешін өткізіп, апталықтың жабылу рәсімін аяқтадық. Балалар бұл кеште жұмбақтар шешіп, білетін мақал-мәтелдерін көтеріңкі көңіл күймен айтып берді. Жалпы қорыта келгенде апталық өте қызықты өтті. Балалар тіл туралы әр ұлт өкілдерінің тілін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерімен  тереңірек танысып, ұлттық ойындарын ойнады.. Біздің еліміз – көп ұлтты Қазақстан.  Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр, ол бәріміз үшін мақтаныш. Әр халықтың ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар.  Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

 

Просмотров: 219


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст