МКҚК "Ақбота" бөбекжайының кіші "Нұрсәуле" тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен "Қош келдің, жарқын жаз!" жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспары бойынша "Қош бол жарқын жаз!", апталығында "Жұбын табу" дидактикалық ойынын, күнделікті серуен уақытында бөбекжай ауласын, гүлдерді, бақылап,"Күн мен жаңбыр", "Қоян мен түлкі" қимылды ойындары ұйымдастырылды. Қимылды ойында балалар қимыл-әрекетке жаттықтыруарқылы сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелейді. Түстен кейінгі уақытта "Айсұлуға тоқаш пісіру" дидактикалық ойындары өткізілді. Жазғы сауықтыру кезең – балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға қолайлы кезең. Балалардың таза ауада болуы балалар ағзасын нығайтады және шынықтырады, жан-жақты дамуына жағымды әсер етеді. Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өткізілген жазғы сауықтыру шаралары балаларға қызықты болды.