Текст
Күз. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең бір адамзат баласына көтеріңкі көңіл күй мен тамаша әсер сыйлайтын ғажайып шақ. Онымен қоймай бірден бір еңбекке және ұйымшылдыққа баулыйтын мезгіл деседе болады. Жыл бойғы мол азығымызды да осы бір берекелі күз береді емес пе?! Осыған орай сары желекке оранған қазан айының он төртінші жұлдызында Луначарский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі басталды. Мерекеде балалар ән айтып, би билеп, қызықты ойындар ойнады.