Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзді берекелі күз, алтын деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіденайналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата-бабаларымыз. «Жәрмеңке тойын» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір балабақшада осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып «Ақбота» бөбекжайында ересек топтар арасында «Сиқырлы күз» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгілік мақсаты - балаларға күз мезгілі туралы кең түсінік беру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, жыл мезгілдерінің ерекшелігін үйрету мен табиғатты қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Қызыққа толы болған ертеңгілікті бірінші болып бастаған І ересек «Көбелек» , ІІ ересек «Балдырған», ІІІ ересек «Еркетай» топтарында өткізілді. Өздерінің өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндер бөбекжайда үйренген білімдерін көрсетті. Осы үш топтың тәрбиешіліері; Д.Абдыкалыкова, А.Накенова, А.Рспекова, А.Балтабекова, А.Мукажанова, У.Бахтыбаева және де музыка жетекшісі; Р.Жалманбетова балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, күз туралы тақпақтар мен әндерін айтқызы білді, билерін нақышына келтіріп биледі.
Бөбекжайда ұжым қызметкерлерінің жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында күз мейрамы жақсы ұйымдастырылып, нағыз балалар мерекесіне айналды. Өйткені, күздің берекесі мен молшылығын көрсететін көкөніс, жеміс-жидектерден түрлі зат жасалып, күзгі жапырақтарнмен әсем безендірілген зал балаларды өзіне еріксіз тарта берді. Балғындар қуанышын асқақтатар ұжымдық ойындар ойналып, кештің көркіне айналған Қара қарға, Базилио мысық, Алиса түлкі, Күз ханшайымының балаларға шаттық сыйлауының өзі керемет тосынсый болды.
Өнерлі бүлдіршіндер «Күз тамаша», «Алтын күз» әндерін орындап, «Егін», «Обруч» билерін нақышына келтіре биледі. Содан соң балалар Алиса түлкімен «Кім шапшаң» ойынын өткізді. Өнерлі бүлдіршіндер ата-аналармен бірге жасаған қолөнер бұйымдарын таныстырды.