«Ақбота» бөбекжайында ортаңғы топтар арасында «Аяулы күз, алтын күз» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгілік мақсаты - балаларға күз мезгілі туралы кең түсінік беру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, жыл мезгілдерінің ерекшелігін үйрету мен табиғатты қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Қызыққа толы болған ертеңгілікті бірінші болып бастаған І ортаңғы «Ботақан» , ІІ ортаңғы «Күншуақ», топтарында өткізілді. Өздерінің өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндер бөбекжайда үйренген білімдерін көрсетті. Осы екі топтың тәрбиешілері ИбраеваС.М. Шайкенова К.М., Батталова А.Ж, Темешова Г.А және де музыка жетекшісі Р.Жалманбетова балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, күз туралы тақпақтар мен әндерін айтқызы білді, билерін нақышына келтіріп биледі.
Бөбекжайда ұжым қызметкерлерінің жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында күз мейрамы жақсы ұйымдастырылып, нағыз балалар мерекесіне айналды. Өйткені, күздің берекесі мен молшылығын көрсететін көкөніс, жеміс-жидектерден түрлі зат жасалып, күзгі жапырақтарнмен әсем безендірілген зал балаларды өзіне еріксіз тарта берді. Балғындар қуанышын асқақтатар ұжымдық ойындар ойналып, кештің көркіне айналған Аю, Түлкі, Күз ханшайымының балаларға шаттық сыйлауының өзі керемет тосынсый болды.
Өнерлі бүлдіршіндер «Күзгі вальс», «Алтын күз» әндерін орындап, «Қолшатыр», «Қайық» билерін нақышына келтіре биледі. Содан соң балалар түлкімен «Көкөністер мен жемістер» ойынын өткізді, аю қонаққа келіп балалармен «Күзгі жапырақтар» ойынын өткізді. Өнерлі бүлдіршіндер ата-аналармен бірге жасаған қолөнер бұйымдарын таныстырды.