Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Көбелек» тобының тәрбиешісі Айнұр Мухтаровнаның ұйымдастыруымен Білім күніне арналған тақырыптық сағаты өткізілді.
Білім күні біздер үшін ғана емес барша әлем үшін айтулы күн. Себебі кез келген елдің болашағы, тәуелсіздігінің тірегі және өзге елмен терезесінің тең болуы білімді жастармен тікелей байланысты. "Оқу - білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек",- деп Ғабит Мүсірепов айтқандай білімнің орны ерекше!
Құрметті тәрбиешілер, бөбекжайымыздың балапандары! Баршаларыңызды білім күнімен құттықтаймыз! Тәрбиешілерге жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз!