Текст
Кіші “Балапан” тобы бүлдіршіндерімен 1 қыркүйек - Білім күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді. Бұл күн балалардың бөбекжай табалдырығын аттаған алғашқы күндері. Тәрбие сағатында балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен және де Білім күні туралы түсінік беріліп, таныстырылды. Тәрбие сағатының мақсаты өз туған еліне, жеріне, бөбекжайға сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалар Қазақстан Республикасының гимн орындап, үстел үсті дидактикалық ойыны “Қоңырау” ойнап, құрастырды. Тәрбие сағатында балалар көтеріңкі көңіл-күйде болды.