Текст
Циалковский көшесіндегі МКҚК "Ақбота"бөбекжайының "Аққу" тобының тәрбиешілері Кульгажинова Ж.Е. және Умирова М.Е .
ұйымдастырылуымен "Бақшадағы көкөністер- көңілді балақайлар!" атты ертеңгілік өтті. Қонаққа Алтын күз бен Картоп мырза келіп, балалардың өнерін тамашалады. Балалар түрлі жемістер мен көкөністердің кейпіне еніп би билеп, ән айтып, ойындар ойнады. Жидектер қонаққа келіп, өлең айтып, билерін ұсынды. Алтын күзбен балаларға шырын сыйлады. Көкөністер мен жемістер шеңбер құра ойын ойнады, себетті толтырды. Күз қызығына бөленіп, қимастықпен қоштасты. Ертеңгілік естелік суретке түсірумен аяқталды.