Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында бөбекжайішілік «Күзгі бояулар» атты бүлдіршіндер арасында байқау өтті. Күз келгенде бәріміздің көңілімізді себепсіз мұң билейтіні бар. Әйтеуір жаныңыз жабырқап, тілсіз сұлу табиғатпен бірге мұңайып, сағыныш әлеміне сапар шегесіз. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Мұндай мезгілдегі адам баласының көңіл көрінісін суретшіден артық ешкім жеткізіп бере алмас. Осы мезгілді суреттеу барысында Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында бөбекжайішілік «Күзгі бояулар» атты бүлдіршіндер арасында байқауы өтті. Байқауға қатысқан балалардың шығармашылығын айтып жеткізу мүмкін емес. Байқау нәтижелері:
Кіші «Нұрсәуле» тобынан Қайрат Айсұлтан, Олжасқызы Фарида, Мырзахметов Ратмирдің, ортаңғы «Күншуақ» тобынан Султангазиев Эльжан, Өтеген Ерасыл, Газизов Рамазан, Жангужин Ислам, Муратова Айшаның, ересек «Еркетай» тобынан Байбосынов Алдияр, Олжасқызы Аминаның,ортаңғы «Ботақан» тобынан Нугманов Ерден, Амиянов Санжардың, ересек «Балдырған» тобынан Бабкова Анна, Естай Айзеренің, ересек «Көбелек» тобынан Балтабек Айнара, Зейнуллаева Аяулым, Сатыбалдинова Адина, Сеилбек Айымның, «Қошақан» даярлық тобынан Жанабай Ясминнің, «Құлыншақ» даярлық тобынан Никодимова София, Махамбетов Санжар, Әбілқасым Ұлан, Албеков Аманның жұмыстары өте керемет болып танылды. Осындай бала шығармашылығына ат салысқан ата-аналарымызға көп рахмет айтамыз. Осы «Күзгі бояулар» байқауына қатысқан әрбір бүлдіршін грамота, дипломдармен марапатталды.