Қазан айында өтіп жатқан «Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды» қолдау айлығына байланысты МКҚК «Ақбота» бөбекжайының әкімшілігі және бөбекжай кәсіподақ ұйымының мүшелері өз бөбекжайымыздың зейнеткерлерінің шаңырақтарына барып, дәстүрлі түрде арнайы құттықтады. Бұрынғы «Золотой петушок» балабақшасының қызметкері, меңгерушісі болған Здорнова Нина Филипповнамен жүздесіп, әңгімелестік. Нина Филипповна 1938 жылы Тюмень облысы Казан ауданында дүние келген. 1955-1957 жылдары Петропавловсктегі педагогикалық училищеге түсіп, 1957 жылы Щучинск қаласына жолдамамен келді. «Елочка» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеп, 1968 жылы «Солнышко» бөбек-бақшасына меңгеруші болып ауысқан. 1974 жылы « Щучинск курорт строй» трест қарамағындағы «Золотой петушок» балабақшасына меңгеруші болып ауысып, 1995 жылға дейін жұмыс жасаған. 40 жыл еңбек өтілінің 21 жылы «Золотой петушок» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып, көптеген жетістіктерге қол жеткізген білікті маман. 1968 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», 1989 жылы «Еңбек ардагері», 1974 жылы «1973 жылғы социалистік жарыстың Жеңімпазы» төсбелгілерімен марапатталған. Ұстаз мамандығын пір тұтып, саналы ғұмырын оқу-тәрбие жолында сарп еткен педагог 1973 жылы Щучинск қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. Әңгімесін тыңдап, жауапты да қастерлі қиын мамандықты ұзақ жылдар бойы атқарып келген ардагер-педагог Зина Филипповнаға шынайы алғысымызды білдіріп, мықты денсаулық пен баянды ғұмыр тіледік. Осындай нұрлы таңға, жайма шуақ күнге жеткізіп отырған Елбасына разылығын білдіріп, бөбекжай басшысына алғысын айтып, батасын берді.