Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Көбелек» тобының тәрбиешісі Накенова Айнұр Мухтаровнаның ұйымдастыруымен “Тіл ғұмыры, ұлт ғұмыры” тақырыптық тәрбие жұмысы өткізілді. Ана тілі - кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі, ұраны және тірегі. Біздің Отанымыз байтақ та, бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында жүргізілді.