Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ересек «Балдырған» тобының тәрбиешісінің ұйымдастыруымен «Тіл- ұлттың тәңірі» апталығына орай тәрбиенушілермен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» тақырыпты сағат

11.09.2024

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.

Осыдан тура 35 жыл бұрын, 1989 жылы қыркүйектің 22-і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11- күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.   МКҚК «Ақбота»  бөбекжайының  ересек  «Балдырған»  тобының  тәрбиешісінің  ұйымдастыруымен  «Тіл- ұлттың тәңірі» апталығына орай тәрбиенушілермен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» тақырыпты  сағат өткізілді. Тақырыпты сағат Қазақстан Республикасының Гимнімен  басталып, тіл туралы  тақпақтар айтылды. Басқа ұлт өкілдері туралы да айтылды.  

Тілім менің !
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен,
Арыммен қатар қойып,-өлең шумақтарын жаттатқызды. Қала, жер атауларын «Кім тез айтады?», "Суреттерді құрастырайық" атты дидактикалық ойынды ойнады. 

 

Просмотров: 579


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст