Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбектен-зейнеткерлікке!

10.11.2020

      Адам-өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де сәнді, мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі. Атақты педагог- ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі де, қызықты, шым -шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Ал халқымыз: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай біздің  аяулы ана, асыл жар, ұлағатты ұстазымыз Галеева Кунтай Амиргалиевна бүгінгі күні қызмет деген бір белестен өтіп, құрметтік демалысқа шығып жатыр. Галеева Күнтай Амиргалиевна 1961 жылы наурыз айының 22-сі күні Көкшетау облысы Щучинск ауданы Ұялы ауылында дүниеге келді. 1982-1985 жылдары Щучье педагогикалық училищесіне түсіп, 1985 жылы «мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі» мамандығын тәмәмдаған. Еңбек өтілін 1985-86 жж Чистополье ауданы «Дюймовочка» балабақшасында тәрбиеші лауазымынан бастап, 1987ж «Ёлочка» балабақшасында, 1995 ж «Золотой петушок», 2004-2007 жж Көкшетау университетін «Педагогика және психология» мамандығын аяқтады. 2007жылдан бастап «Ақбота»бөбекжайында қызмет етіп келеді. 2007-2015 жж аралығында тәрбиеші қызметін атқарса, қазіргі кезде педагог-психолог қызметінде жұмыс жасайд. Тұрмыс- ол отбасы.Отбасы-ол шағын мемлекет. Күнтай Амиргалиевна құдай қосқан қосағымен Ермек ағамызбен 35 жылдай отасып, 1 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеп отыр. Ағамызбен Күнтай апайымыздың ендігі армандары Данияр ұлдарын ұяға, Мира қыздарын қияға қондырып, немере сүйіп зейнеттің қызығын көріңіз,- деген жақсы тілектер айтылды. Кунтай Амиргалиевна туралы жақсы тілектер айтылып, әндер шырқалып, жұмыс істеген шақтарындағы видеожазба тамашаланды. Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге медет! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!

 

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст