Текст
"Тіл-ұлттың тәңірі" онкүндік жұмыс жоспарына орай "Тіл-адам жанының тiлмашы" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс мақсаты мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу сезімдерін қалыптастыруғ сөздік қорларын байыту, іскерлікке дағдыландыру мәнерлеп оқуды дұрыс қолдана білу, ұғыну, түсіну ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу болып табылды. Топтар арасынан тәрбиеленушілер мәнерлеп тақпақ айтса, қалғандары өзге ұлт өкілдерінің ұлттық ойынын, ұлттық ас мәзірін көрсетті. Сайысқа түскен топтар өздерінің шығармашылықтарын, бiлiмдерiн көрсетіп, өзара тапсырмаларды орындады.
"Тіл-адам жанының тiлмашы" атты мәнерлеп оқу сайысы өте тартымды және қызықты өтті.