Текст
Бөбекжайымыздың қазақ тілі мұғалімі Мөлдір Нояновна даярлық топтарының тәрбиеленушілерімен "Кітап-біздің досымыз" атты тәрбиелік сағатын өткізді. Балаларды кітапты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға, ақыл-ойын, тілін дамыту барысында, кітаппен дос болуға шақыратын мазмұны мол, тәрбиелік мәнін көрсететін, мейірімділікке толы тәрбие сағаты болды. Кітаптыі жасалу жолы, оны күтіп ұстау ережесі, күту жайлы мағлұматтар көп берілді.
Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу-білім саған пайда.
кітабыңның шетін жыртып
Сияменен бояп қойма,-деп балалармен кітап туралы тақпақ жаттады. Тәрбиелік мәні зор бұл іс-шара балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.