Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовнаның ұйымдастыруымен қараша айының 18 күні «Құлыншақ» және «Қошақан» даярлық топтарында «Көңілді ноталар» атты музыкалық ән-жұмбақ байқауы өткізілді. Бұл байқау 6 кезеңнен тұрды.
Олар: 1.«Аспаптар үнін ажырату»,
2. «Ән шырқайық бәріміз»,
3.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,
4. «Музыкалық сұрақ-жауап»,
5. «Ырғақты қайтала»,
6. «Өнерлі өрге жүзер» деп аталды.
Балалар тақырыптарды таңдап, сол кезеңдер бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Әрбір дұрыс жауап берілген кезеңдерге ұпай беріледі.
Бірінші кезеңде балалар экран арқылы кез келген нотаны таңдап, нота астында жасырылған аспаптардың үнін тапты.
Екінші кезең бойынша балалар экран арқылы музыка оқу қызметінде қолданылған барлық заттырды яғни (асық, диск, доп, күйсандық аспабы, микрафон т.б) заттарды таңдап, сурет астындағы өздеріне таныс әндерді тауып, хормен шырқады.
3 айналым бойынша балаларға музыкалық суреттер беріп, сол суретке қарап сұрақтарға жауап берді. 3 айналым өткеннен кейін балалардың бойларын жазу мақсатында «қуыршақтар» сергіту сәтін билетті.
4 айналым бойынша балаларға музыкалық сұрақтар қойылды. Балалар экран арқылы сұрақтарға жауап берді.
5-ші айналым бойынша балалар берілген суреттерге қарап өздері ұнатқан аспаптармен ырғақты қайталады. Ырғақтарға (моншақ, тамшылар, күннің көзі, көңілді қояндар т.б) сынды суреттер берілді.
6 айналым бойынша балалар қолдан «дабыл» және «сылдырмақтар» аспаптарын жасап, Петр Ильич Чайковскийдің шығармасы «Полькаға» ансамбль құрды. Ансамбль балаларға ұнады, олар әрбір ырғақты көтеріңкі көңіл күймен орындады.
Балалар музыкалық ән-жұмбақ байқауына өте белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша балаларға жүрекшелер таратылып, естелік ретінде суретке түсті. Музыкалық ән-жұмбақ байқауы ойдағыдай өтті.