Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің сүйікті жануарларым" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

25.11.2020

МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Қошақан» даярлық тобында тәрбиеші Бейсенова Шолпан Муратбековнаның ұйымдастыруымен «Таным» білім  беру  саласының   құрастыру бөлімі  бойынша   «Менің сүйікті жануарларым»  тақырыбында    ашық ұйымдастырылған оқу  қызметін  өткізді.

   Ашық   ұйымдастырылған   оқу  қызметіне   мынадай  мақсаттар  қойылды:

Заттарды ортақ белгілері бойынша топтап,  геометриялық пішіндерді сипаттап салыстыра алуға үйрету.

Материалдармен құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі тәсілдерді қолдануға үйренді. Сондай-ақ балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарының нәтижесін сипаттап, бағалау жолдарын көрсетті.

 Балаларға ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көтеріңкі көңіл-күймен бастау үшін шаттық шеңберін жасады. Жылы-жылы жүзбенен балалар бір-бірінің маңдайларынан сипап, ыстық ықыластарын білдірді. Тақырыпты ашу үшін мнемокестені қолданды. Мнемокестеден балалар  жасырылған суретті тауып, қоян жасайтындарын түсінді. Балалар үлгіге қарап,  түрлі түсті қағаздан қиып үлкен және кіші конустан қоян жасады. Балалар  жасалған қояндарын түстеріне қарай, дайын тұрған геометриялық пішіндердің  түстеріне сәйкес орналастырды. Оқу қызметін  қорытындылау үшін балаларға   геометриялық пішіндерді  қолданылды. Балалар әр пішіндерді түсін, пішінін  атап шығып, қоянды конустан жасағанын айтты.  Балалар өз білімдерін жақсы көрсете білді.

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст