Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбекжайдағы психологиялық қызмет

26.11.2020

Бөбекжайдағы психологиялық қызмет.

       Баланы бөбекжайға тапсырған сәттен бастап, ата-ана өз баласының даму жағдайын, басқа балалардың даму көрсеткіштерімен салыстыру арқылы тани бастайды. Олай болса, осы бағытта бөбекжай психологы Галеева Кунтай Амиргалиевна баланың отбасымен танысып, жанұядағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне мән бере зерттеп, баланың балалар ұжымына ену кезеңін сәтті ұйымдастыру, бейімделу жағдайларын ұйымдастырады. Баланың 1-5(6) жас аралығында бойында жаратылысымен берілген физиологиялық қасиеттері аясында қоршаған ортамен танысу арқылы психологиялық таным қабілеттері (қабылдау, есте сақтау, жаңғырту, зейін, ойлау) қалыптасып, дамиды. Осыны негізге ала отырып, Кунтай Амиргалиевна әр баланың жеке таным қасиеттерін зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, өз кабинетінде сипаттама-карточкалар жасайды. Кунтай Амиргалиевна балалармен жеке түзету, қалыпқа келтіру және дамуына ықпал жасайтын күнделікті жұмыстарын, бөбекжай күн тәртібінде оңтайлы уақытта, кабинет ресурстарын тиімді пайдалану арқылы жүргізеді. Психолог балалармен жеке немесе топтық жұмыстар жүргізіп, жүргізілген жұмыстары арқылы (салған суреттері, сауалнамалар т.б. бойынша) талдаулар жасайды. Ерекше қиын жағдайларда баланы басқа мамандарға (дефектолог, логопед т.б.) көрсетіп, оның психологиялық дағдарысын оңтайландыру жолдарын анықтауға ат салысады. Бөбекжай педагогтарымен де көптеген жұмыстар жүргізеді. Мектепке  дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналары үшін және бөбекжай тәрбиеленушілерінің ата-аналары, тәрбиеші, педагогтарға кеңес беру жұмысы да көбінесе  Кунтай Амиргалиевнамен жүргізіледі.  

 

Просмотров: 254


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст