Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұлдызды сәт" интеллектуалды сайыс

26.11.2020

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК "Ақбота" бөбекжайында қазақ тілі мұғалімі Елубекова Гульнар Қабыдлсадықовнаның ұйымдастыруымен "Қошақан", "Құлыншақ" мектепалды даярлық топтарында "Жұлдызды сәт" интеллектуалдық сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты қазақ тілі бойынша алған білімдерін жетілдіру, балалардың сөздік қорын молайту, дүние танымын кеңейту, тіл байлығын арттыру және шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылды. Сайыста "Тапқырлар" және "Білімділер" топтары сайысып, сайыстың алты кезеңінен өтті. Сайыс өте жоғары дәрежеде, қызықты тартымды өтті. Балалар әр кезеңнің тапсырмаларын ұқыпты және белсенді орындауға тырысып, жеңімпаз болуға талпынды. Сайыс басында топ басшылары қазақтың ұлттық  "Қол күрес" ойыны арқылы қай топ бастайтыны анықталып, күш сынасудан "Білімділер" тобы алға шықты. Сайыс барысында балалар мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтардың жауабын шешіп және берілген суреттегі ұлттық аспаптардың, ұлттық киімдердің атауларын атап, белсенділіктерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша достық жеңіп, сайыскерлер марапатталып, әр қатысушыларға және қолдау көрсеткен балаларға естелікке сыйлық табыс етілді.

Просмотров: 207


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст