Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үй жануарлары" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

27.11.2020

МКҚК «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеші  Батталова Асель Жумабаевнаның ұйымдастыруымен «Күншуақ» ортаңғы тобында  «Таным» білім  беру  саласының   Жаратылыстану  бөлімі  бойынша   «Үй жануарлар»  тақырыбында    ашық  ұйымдастырылған оқу  қызметін  өткізді.

Ашық   ұйымдастырылған   оқу  қызметіне   мынадай  мақсаттар  қойылды: үй жануарлар  туралы білімдерін толықтыру,  маңызы туралы түсінік беру. Төрт түліктің  бір-бірінен ажыратуға,  төлдерін дұрыс атауға үйрету. Үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал-мәтелдер айту арқылы тіл байлықтарын дамыту. Еңбексүйгіштікке қамқорлыққа тәрбиелеу.

Оқу қызметінің  тақырыбын  ашу үшін  бейнетаспадан балалар слайд арқылы үй құстары  бейнероликті көрсетті. Балалар суреттен өздері жауап  берді.

   Балалармен  ауылға саяхатқа барып  үй жануарларымен танысты.Үй  жануарлары туралы әр бала өз өлең жолдарын айтты.  «Төлдерін, балаларын ата» дидактикалық ойынында балалар жануарлардың төлдерін кезекпен айтты.

      «Көңілді күн» сергіту сәтінде балалар биледі.

 «Не қалай дауыстайды?» дидактикалық ойында  жануарлар дауыстарын тыңдап, қай жануар екенін айтты.

  Оқу қызметін  қорытындылау  мақсатында балалармен «Төлін тап» ойыны ойналды. Сұрақ-жауап арқылы  оқу қызметінді қорындылады. Балалар үй жануарларын білетінін көрсетті және өз ойларын нақты дұрыс жеткізе білді.

 

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст