Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Президент-ел тірегі" тәрбиелік сағаты

30.11.2020

 Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында ересек топтар арасында  "Президент – ел тірегі!"атты тәрбиелік сағат өткізілді. Балаларға  "Тұнғыш президент" мерекесі жайлы айта отырып, балаларды еліміздің  Президентін, рәміздерімізді таныстыра отырып, өз Отанын, туған жерін сүюге ,қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді. Тәрбие  сағатының ашылуы  «Көк Ту» әні орындалды. Ту ұстаған балалар залдың  екі жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрды. Н.Әбішұлының өмірбаяныны бейнетаспадан көріп шықты. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық.

Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі.
Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы.

Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.
Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын,- деп тәрбие сағатын аяқтады.

Просмотров: 175


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст