Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жануарлар қайда мекендейді?" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

02.12.2020

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайы «Қошақан» даярлық тобында тәрбиеші Уалиева Ризагуль Сагандыковнаның ұйымдастыруымен  «Таным» саласы бойынша жаратылыстанудан «Жануарлар қайда мекендейді?» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балаларды  жабайы және үй жануарлары туралы түсіктерін дамыту мақсатында сипаттау арқылы жануарлардың түрлерін, мекендейтін жерін, төлдерін ажыратуға үйрету және қамқор болуға тәрбиелеу болып табылды.  Балаларға жануарлар бейнеленген суреттер көрсету арқылы атап, айырмашылықтарын түсіндірді. Видео арқылы балалар жануарлардың тіршілігі жайлы танысып, төлдерінің қалай аталатынын және дауыстарын естіді. Сергіту сәтінен соң балалар жеке-жеке келіп суреттегі бір жануар туралы не білетіні жайлы әңгімелеп берді. АКТ технологиясын қолдану арқылы  балаларға бірнеше тапсырмалар орындады. Оқу қызметінің соңында балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында роботехниканы қолданып  ойын ұйымдастырды. Балаларға жануарлар туралы сұрақтар қойып оқу қызметін аяқтады. Ризагуль Сагандыковна ұйымдастырған ашық оқу  қызметі өте керемет, жоғары деңгейде өтті. Балалар белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті. Орындалған атпсырмалар балаларға өте қызықты болды.

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст