Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Көбелек» тобының тәрбиешісі Абдыкалыкова Дана Серікқызының ұйымдастыруымен «Таным» білім беру саласының «Жаратылыстану» бөлімі бойынша «Төрт түлік» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.
Төрт түлік малдардың пірлерімен ,оның ішінде қой иесі Шопан атамен таныстыру,олардың төлдері туралы білімдерін бекіту және қалай дыбыстайтыны туралы түсіндіру мақсатында жүргізілді.
Оқу қызметінің тақырыбын ашу үшін балаларға Жайлауға саяхатқа шығуды ұсынды. Балалар жол бойындағы тапсырмаларды орындау, яғни жұмбақтар шешу және пазл құрастыру арқылы жайлауға саяхатқа аттанды.
Ғажайып сәт Шопан атамен танысады. Балалар кейіпкерге қызығушылық танытып, сұрақтарына жауап берді. Шопан атаның «Кім қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойынын ойнады. Оқу қызметі бойынша тапсырмаларды балалар жақсы орындап шықты. Сиқырлы сергіту сәті арқылы тобымызға оралып, қорытынды ретінде «Төлін тап»дидактакалық ойынын ойнады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар белсенділікпен қатысты.