Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайы «Еркетай» тобында
«Таным» білім беру саласының «құрастыру» бөлімі бойынша «Ұшақтар» тақырыбында тәрбиеші Рспеква Айгул Қарабаевнаның ұйымдастыруымен
ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Оқу қызметі шаттық шеңберінен басталды.
Жаңа тақырыпты ашу үшін, сұрақ-жауап әдісін қолданды. Слайд сурет арқылы балалар көлік түрлерін атап, қайсы қайда жүретінін айтып берді. Ұшақ құрылысымен , ұшақ қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарымен танысты. Балалар ұшақты қатты қағаздан құрастырды. Ұшақты құрастыруда, балалар бөліктерін құрылысына сәйкес таңдап, дұрыс құрастыра білді. Құрастырып болғаннан соң, ұшақпен «Түркия» еліне саяхат жасады. Балалар, ұшақ қызметкерлерінің киіміне сәйкес киініп, ұшақ ішінде, ұшқыш, жол серіктерінің қандай қызмет көрсететінін ойнай білді. Балаларға ұшақпен саяхат жасау ұнады. Оқу қызметін пысықтау үшін балалармен көлік түрлерінің суреттері арқылы «Не қайда жүреді?» ойыны ойналды. Оқу қызметінің соныңда «Кім жылдам?» мақал-мәтелдер ойынымен аяқтады. Бұл жерде балалар, Отан, туған жерге байланысты мақал- мәтелдердің жалғасын таба білді. Оқу қызметінде балалар өз білімдерін белсенді түрде көрсетіп, қызығушылықпен қатысты.