Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайы «Балдырған» ересек тобында тәрбиеші Бахтыбаева Ұлжалғас Шериевнаның ұйымдастырумен «Таным» білім беру саласының «жаратылыстану» бөлімі бойынша «Жануарлар қысқа қалай дайындалады?» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.
Жыл мезгіліне сәйкес жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімдерін қалыптастыру және Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар, олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту (аю, қоян, түлкі, тиін,кірпі, қосаяқ) мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Оқу қызметінің тақырыбын ашу үшін жұмбақ жасыру арқылы балаларға бейнетаспадан жабайы жануарлардың тіршілігі мен қоректенетіні және олардың қысқа қалай дайындалатыны жайлы сұрақ жауап арқылы түсіндіріп өтті.
«Ғажайып сәт» Қоян қонаққа келіп, көмек сұрады. Қоянның көңілін көтеру үшін шашып алған сәбіздерін, балалар ермексаздан сәбіз жасап берді.
Келесі тапсырма «Табыстыр». Жабайы жануарлардың адасып қалған төлдерін яғни, балаларын табыстыру тапсырмасын орындады. Бейнетаспа арқылы олардың төлдерін яғни, балаларын атап айтып берді.
Дидактикалық «Не артық?» ойналды. Жабайы жануарлардың ішінен үй жануарларын ажыратып берді.
Ашық оқу қызметін «Кубик» ойыны арқылы қорытындылады.
ойынның шарты бойынша әрбір аң түскен кезде, сұрақтар қойылып, жауаптары алынды.
Балалар жануарлардың азығы және баспанасы жайлы айтып берді.
Ұйымдастырылған оқу қызметіне балалар белсенділікпен қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды мүлтіксіз орындап берді.