МКҚК «Ақбота» бөбекжайының құзырлы орталықтың жұмыс жоспары бойынша бүгін Луначарский көшесіндегі "Ақбота "бөбекжайында "Диагностика жүргізуді үйренеміз" тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарының аудандық семинары өтті. Педагогикалық процесті ұйымдастыруға және педагогтің балалармен, ата-аналармен өзара әрекетіне ықпал ететін мектепке дейінгі ұйымдардағы психологтардың рөлі өте маңызды. Баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. Психологиялық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психологиялық профилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді. Семинарда педагог-психологтар өзара тәжірибе жұмысымен алмасып,
әдістемелік қоржындарын жаңа біліммен және жаңалықтармен толықтырды.