Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ән салып, би билейміз!

07.12.2020

  Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының  ересек «Балдырған» тобымен  «Ән салып, би билейміз» тақырыбында музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовнаның ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.  Оқу қызметінің басты мақсаты балаларды  күнделікті тұрмыстық заттардан әуен шығарып сол заттар дыбыстарының үнін тыңдату болды. Сондай-ақ балалардың музыкалық шығармашылығын дамытып, қиялын шарықтату болды.  Музыка  оқу қызметі 5 кезең бойынша өткізілді. Кіріспе, музыкалық –ырғақтық қимылдар, музыка тыңдау, ән үйрету, және би. Балалар музыка әуенімен шеңбер бойымен жүріп музыка залына әдемі кіріп, ырғақты әуенмен амандасты.  Балалармен  құс қанаты, сәукеле, қошқар мүйіз, амандасу сынды музыкалық-ырғақты қимылдар жасады. Балалар орындарына жайғасып тақырыпты ашып,  музыкада көңілді дыбыстар көп кездеседі, ол дыбыстар бізге  көтеріңкі көңіл күй сыйлап, музыка әлемін  жақсы тануға  жол  ашатынын айтып өтті.  Музыка тыңдау кезеңінде  балаларға  Селивановтың  «Шуточка» шығармасын тыңдатты. Кейін балалармен  осы  шығармаға А4  қағаз беріп, қағаздық оркестр құрып ойнатты. Ән үйрену кезеңінде балалармен артикуляциялық және дауыс жаттығуларын жасап, Бота Бейсенованың әні мен сөзіне жазылған  «Туған ел» әнін шырқады. Ән шырқағанда балалардың қолдарына күнделікті тұрмыстық өмірде қолданылатын дәруменнің қорапшасынан музыкалық сылдырмақтармен әуенді ойнады. Келесі 5 кезеңде біздер «Концерт» күйіне қазақ биін биледі.  Қорытындылай келе, балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында  күнделікті заттардан яғни, дайындалған арнайы ыдысқа  су құйып,  стакандағы суды  түтікше  арқылы  үрлеп,  сылдырмақты сылдырлатып, әр түрлі  музыкалық дыбыстар  шығарып, «Титаник» шығармасының үзіндісіне  шағын оркестр құрылып әуен шығарды. Оқу қызметін  аяқтай келе,  жоспар бойынша қойылған мақсатыма жетті. Оқу қызметіне қатысқан балалардың көңіл-күйлері ерекше керемет болды.

Просмотров: 239


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст