Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құстар-біздің досымыз.

07.12.2020

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайы ІІ ортаңғы «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Темешева Гульнур Асылхановнаның ұйымдастыруымен «Таным» білім  беру  саласының   «Жаратылыстану» бөлімі  бойынша   «Құстар- біздің досымыз»  тақырыбында    ашық  ұйымдастырылған оқу  қызметін  өткізді.

Ашық   ұйымдастырылған   оқу  қызметіндее   мынадай  мақсаттар  қойылды: Құстар туралы білімдерін жетілдіру, құстардың пайдасы тіршілігі туралы түсінік беру.Үй құстарымен дала құстарын ажырату. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру, суреттер бойынша сұрақтарға толық жауап беріп тілдік қорын дамыту.  Құстарға қамқорлықпен қарап, табиғатты қорғап жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Оқу қызметінің  тақырыбын  ашу үшін  бейнетаспадан балалар слайд арқылы үй құстары және дала құстарын болатынын көрсетті. Балалар суреттен өздеріне таныс құстарды атап берді.

 Ғажайып  сәтте балалармен саяхатқа барып ағашта қонып отырған құстармен танысып, түстерін айтты және құстар туралы әр бала өз өлең жолдарын айтты. Балаларға саябаққа барған ұнады. Оқу қызметіндегі мақсат бойынша тапсырмалар кезеннің  орындады.      «Қай құстың балапаны?» ойынында балаларға құстардың суреттері тақтаға ілінді, балалар сол құстардың балапандарын тауып, жанына қою керек болды. Балалар тапсырманы жақсы орындады.

Қимылды ойын: «Көлік пен торғайлар» бұл ойында балалардың біреуі көлік жүргізуші болып, қалған балалар торғай болып жем шоқып жатқандай болды, көлік жүргізуші сигналды бергенде, торғайлар орындарына барып отыра қалды. Балаларға қимылды ойын өте ұнады. Оқу қызметін  қорытындылау үшін балаларға «Ұшты-ұшты» ойынымен аяқтады. 

 

 

 

 

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст