Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көп қабатты үйлер" ашық ҰОҚ-і

08.12.2020

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ІІ ересек «Көбелек» тобында тәрбиеші Накенова Айнур Мухтаровнаның ұйымдастыруымен  «Таным» білім беру саласының «Жаратылыстану» бөлімі бойынша «Көп қабатты үйлер» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.                                                                                                                        Алдына мынадай мақсаттар қойды: Көп қабатты үйлер мен ғимараттар туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрастыруға, құрылыс материалын таңдай отырып көп қабатты үй құрастыра білуге үйрету. Оқу қызметінің тақырыбын ашу үшін, балаларға жұмбақтар шешу және слайд қарау суретпен жұмыс жүргізілді.  

Ғажайып сәтте   «Құрылысшы» ағай қонаққа келіп,

   -Қабат- қабат үй салдық,

    Үйлер толы күй сандық.

    Күйсандықтан үй салдық,

    Күй сандыққа күй сандық,- деп әндетіп келді.

Сергіту сәтінде «Бала бала балақай» бейне роликпен балалар жаттығу жасады. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында «Құрылысшының заттары» дидактикалық ойыны ойналды.

Балалар бұл ойында бұрын құрастырған үйлерді еске түсірді. Ең алдымен неден бастау керектігін, үйлердің қандай бөліктері бар екенін айттты. Балалар үйді іргетасынан бастап тұрғызу керектігін, қабырғаларын, есігін, терезелерін орналастыру жайын, т.б. өз ойларын толық жеткізіп берді.

Балалар жеткілікті мөлшерде «Көп қабатты үйлер» туралы мағлұмат алды, оқу қызметіне белсенді қатысты.

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст