Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының І ортаңғы «Ботақан» тобының тәрбиешісі Шайкенова Күншашар Мукатаевнаның «Таным» білім беру саласы. «Құрастыру» бөлімі бойынша «Түрлі-түсті жапырақтар» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.
Оқу қызметінің тақырыбын ашу үшін бейнетаспадан балалар слайд арқылы
жапырақтармен және күзде болатын маусымдық өзгерістермен танысты. Слайдты көрсете отырып сұрақтар қойып отырды. Балалар толық жауап беріп отырды.
Балалар суреттен өздеріне таныс түстерді тауып айтты. Балалар дүрбі арқылы жаң-жақты бақылап, ағаштардың жапырақсыз екенін байқады.
Ғажайып сәтте балаларға қонаққа Ағаш келіп, көмек сұрады. Ағаштың жапырақтары түсіп қалғаннаң көңіл күйі жоқ. Балалар ағаштың көңілін көтеруге тырысты. Балалар ағашпен сергіту сәтін жасап, балалар тапсырмаға кірісті. Балалар ағаштың көңіл-күйін көтереміз деп, ағашқа түрлі-түсті-жапырақтарды плакаттқа жабыстырып, Ағашқа сыйлады. Балалар Ағашпен саусақ жаттығуын бірге жасады.
«Түрлі түсті жапырақтарды жинау» дидактикалық ойынында балалар желмен ұшып келген түрлі түсті жапырақтардың суретін себетке жинады.
Тәрбиеленушілер оқу қызметінде белсене қатысты.