Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ағылшын пәнінің мұғалімі Сейсен Аягуль Толепбергеновнаның ұйымдастыруымен мектепалды «Құлыншақ» тобында «Helping your Mum and Dad» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.
Балалармен оқу қызметін көтеріңкі көңіл күйде бастау мақсатында “Hello” әні шырқалды. Балаларға оқу қызметінің тақырыбын анықтау үшін бейнеролик көрсетілді. Әрі қарай тақырып бойынша жаңа сөздер таныстырылды. Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сөздермен «Не жоқ?» ойыны ойнатылды. Ойыннан кейін балалардың бойларын жазу үшін «Shiny clean dance» сергіту сәті жасалды. “How can I help you?” деген сұрақты есте сақтау үшін бейнеролик көрсетіліп рөлдік ойындар ойнатылды. Балаларға оқу қызметіне белсене қатысқандары үшін жұлдызшалар таратылды. Оқу қызметі ойдағыдай өтіп қойылған мақсат орындалды.