Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында ІІІ ересек «Балдырған» тобының тәрбиешісі Мукажанова Асель Амангельдиевнаның ұйымдастыруымен «Таным» білім беру саласының «Математика негіздері» бөлімі бойынша «Заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Оқу қызметінде өтпелі тақырып «Дені саудың, жаны сау» денсаулық туралы балаларға ақпарат, тоқталып өтті. Көрнекіліктерді пайдаланып сандармен, цифрлармен таныстырды.
Ғажайып сәтте заман талабына сай балалардың қызығушылығы робот болғандықтан, оқу қызметіне Робот кейіпкері кірді.
Балалар кейіпкерге қызығушылық танытты. Оқу қызметінде слайдпен тапсырмалар беріліп, роботпен тапсырмаларды бірге орындады.
Оқу қызметінің ерекше сәті сергітуге «Санамақ» қосты, балаларға бұл жері қызықты болды. Балалар математикалық тақпақтар, санамақтарды кезектесіп айтты. Балалар роботпен дидактикалық ойындар ойнады, роботтың тапсырмаларын жылдам орындап отырды. Оларға роботын қимыл әрекеті ұнады. Оқу қызметінде заттарды сандармен сәйкестендіруду және пішіндерді ажыратып, атай білді. Математикалық жұмбақтарды шешуді және кеңістікті бағдарлауды түсінді. Ойын арқылы бірдей суреттерді табу дағдысын меңгерді. Оқу қызметіндегі қойылған мақсатарына жетті.