МКҚК «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеші Қалмағанбетова Арайлым Балтабековнаның ұйымдастыруымен «Құлыншақ» мектепалды даярлық тобында «Математика негіздері» оқу қызметі бойынша «Әжеме көмектесемін. Заттар жиыны» атты тақырыпта ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балаларға слайд арқылы суреттерді көрсетіп, қандай зат екенін, бір сөзбен айтқанда қалай аталатын пысықтады. Дәптермен жұмыс арқылы тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырыпты түсінді, логикалық ойларын арттырды. Робототехника элементтерін қолдана отырып, ойын-тапсырма берілді. Балаларды тапсырмаларды орындай отырып, қаншалықты жаңа тақырыпты игергендерін және робототехникамен жұмыс жасай алатындарын көрсетті. Оқу қызметінде сұрақ-жауап арқылы, үнемі кері байланыста болды. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар өте белсене қатысты. Керемет оқу қызметі болғандықтан, алған әсерлерін жарыса айтты.