Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Салт-дәстүрім ‒ қазынам!» атты әріптестер арасында іс-шара

15.12.2020

 Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында желтоқсан айының 14 жұлдызында Тәуелсіздік мерекесіне орай, музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовна мен қазақ тілі мұғалімі Елубекова Гулнар Кабдылсадыковнаның ұйымдастыруымен «Салт-дәстүрім ‒ қазынам!»  атты әріптестер арасында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында әріптестер "Тапқырлар" және "Жүйріктер" атты  екі  топ болып  сайысқа түсті. Сайыс жеті кезеңмен  өтті.

1-кезең «Салт дәстүрді білесің бе?» деп аталды.  Бұл бөлімде сайыскерлер ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап берді.

2 кезеңде «Берілген әнді тап» деп аталды. Бұл кезеңде қазақша берілген әннің мәтінінен қандай ән екенін тауып, орыс тілінде атауын айтулары  қажет болды.

3. кезең «Сенің есімің нені білдіреді?» деп аталды. Бұл кезеңде сайыскерлер, орыс тілінде жазылған есімдерді қазақ тіліне аударды.

4 кезеңде «Салт-дәстүрім қазынам» деп аталды. Бұл кезеңде, салт- дәстүрге байланысты,  "Тұсау кесу"  және  "Сырға салу" көріністері  көрсетілді.

Келесі кезеңде, «Өлең – сөздің патшасы»  тақырыбында  өлең шумақтары мәнерлеп  оқылды.

6. «Мақал ‒ сөздің мәйегі»  кезеңінде сайыскерлер берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.

 Сайыстың  соңғы 7-ші кезеңінде «Өнерлі өрге жүзеді» атты кезеңде, түрлі - түсті қағаздардан ою-өрнек ойып, өнерлерін ортаға  салды.  

Іс-шара тартымды  және  өте  қызықты  өтті. Сайысты  қорытындылай  келе,  сайыскерлерге  шағын  сыйлық беріліп, естелік  ретінде  суретке  түсті. Әрқашанда салт-дәстүрімізді ұмытпай дәріптеп, құрметтеп жүрейік.

 

 

Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст