«Ақбота» бөбекжайында кіші, ортаңғы «Балапан», «Нұрсауле» «Ботақан» мен «Күншуақ» топтарында «Тәуелсіз ел тілегі» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгіліктің мақсаты балалардың бойынада Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып өз еліміздің даму тарихы танымын қалыптастыру болып табылды. Бұл мереке салтанатты болғандықтан, еліміздің ҚР Гимнімен ашылды. Бейнетаспа арқылы біздің еліміз, егеменді, тәуелсіз Қазақстан меммлекеті екенін балаларға таныстырылып, айтылды.
Тәуелсіздік мерекесінде балаларға өздерінің жаттаған тақпақтарымен, өлеңдерін айтқыза отырып, балалардың патриоттық сезімдерін дамыта отырып, «Туған өлкем, неткен көркем!» тақырыбында өздерінің ата- аналарымен бірге салынған суреттеріне шолу жасап, ұлттық заттар туралы қысқаша ақпарат бере отырып, балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелейміз.
Музыка жетекшісінің қолдауымен қыздар «Қамажай» биін биледі.
Ұлдар мен қыздар: «Сылдырмақ» биін билесе, «Домбыра» және «Отан ана» әндері музыка әуенімен айтылды. Ертеңгілік барысында «Арқан тартыс», «Күш сынасу» атты ұлттық ойындары ойнатылды.