Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ересек топтарында «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кірді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ләззат Асанова сынды апа – ағаларымыздың ерлігі жайлы балаларға мағлұматтар берілді. Балалардың назарларына желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескен жандардың көрінісінен үзінді көрініс көрсетілді, әрі қарай Рәміздеріміз- Елтаңба, Ту және Мемлекеттік Гимн туралы көптеген мағлұматтармен жалғастырды. Іс – шара барысында тақырыпқа сай бейне көрініс көрсетіліп, балалар ән, жыр, би, өлеңдер айтты, ұлттық ойын ойналды.