Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында әдіскер Бекенова Меруерт Джексенбековнаның ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау технологиясы негізінде балалардың денсаулығын нығайту» әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік кеңестің мақсаты балалардың денсаулығын нығайтуда денсаулық сақтау технологиясының әдістерінің тиімділігін ашу болып табылды. Әдістемелік кеңес отырысында «Қошақан» даярлық тобының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбековна «Сауықтыру-шынықтыру шараларын өткізу барысындағы басты шарттар», «Балапан» кіші тобының тәрбиешісі Атабаева Алтынай Сериковна «Таңғы жаттығуды жоспарлаудың маңызы», «Көбелек» ересек тобының тәрбиешісі Абдыкалыкова Дана Сериковна «Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай серуендерді (күннің І, ІІ жартысы) ұйымдастыру», «Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Шайкенова Күншашар Мукатаевна «Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулардың бала денсаулығын нығайтудағы рөлі», «Көбелек» ересек тобының тәрбиешісі Накенова Айнұр Мухтаровна «Ойын - мектепке дейінгі жастағы балалар қызметінің тиімдісі, оны қолдану жолдары», бірлестік басшысы Калмаганбетова Арайлым Балтабековна «Дене шынықтыру балаларды салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулықтарын нығайтуға үйрететін пән» тақырыбында есеп беріп, баяндама жасады. Әдістемелік кеңес отырысында балалардың денсаулығын нығайтудағы денсаулық технологиясы әдістеріне жеке тоқталып, тиімділігін ашу жолдарын көрсетті.