Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Айтжанова Алмагул Сагандыковнаның ұйымдастыруымен «Құлыншақ» даярлық тобында «Жануарлар қайда мекендейді?» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Мақсаты: үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау және жабайы және үй жануарларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атау, олардың төлдері жайында, немен қоректеніп, қайда мекен ететіні жайында айту.
Слайд арқылы үй жануарлары туралы ақпаратты толық көрсетті. Балалар жануарлар жайында жаттаған тақпақтарын айтты. Бойларын сергітіп алу үшін сергіту сәтін жасады. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі бірнеше тапсырмалардан тұрды және де жаңа иновациалық технологияларды қолданды. Бірінші тапсырма: дидактикалық ойын «Қай жануарлар немен қоректенеді?» Бұл ойында жануарлар немен қоректенетінің қысқыштар арқылы орындады. Саусақ жаттығуы орындалды.
Екінші тапсырма: «Құм терапиясы» арқылы балалар құмнын бетінде саусақ арқылы дала мен үй жануарларының мекендерін салды.
Үшінші тапсырма: АКТ технологиясы «Quiver» бойынша жұмыс.
Шарты: Қоянның бейнесін бояп, үстіне ұялы телефонмен жүргізді, сонда қоянымыз қимылдап жүре бастады.
Төртінш тапсырма: «Робототехниканы қолдану» болды.
Шарты: Үстел үстіндегі шаршылардың үстімен робототехника элементтерін қолданып, тапсырма бойынша жануарларға жету. Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін бекітті. Балалар жануарлар жайында білетінін көрсетті және өз ойларын нақты, дұрыс жеткізе білді. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білді. Балаларды мадақтау жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде бірнеше әдістер, пед.технологиялар қолданылды. Өте керемет көңіл-күйде өтті.