Уәлиханов көшесіндегі МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Балалардың бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулығын сақтау, нығайту жолдары" атты педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты педагогтармен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту жолдарын талдау үйрену болып табылды. бөбекжай директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна күн тәртібімен таныстырып өтті. Күн тәртібінде "Білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде қазіргі заманғы денсаулықты сақтау жолдары" атты баяндамасын бөбекжай әдіскері Бекенова Меруерт Джексенбековна айтып, денсаулықты сақтау жолдарына кеңірек тоқталды. Кіші топ бірлестік мүшесі, "Нұрсәуле" тобының тәрбиешісі Қасқырбаева Жұлдызай Жугериевна "Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында сауықтырудың дәстүрден тыс әдістерін қолдану" тақырыбында сөз сөйледі. "Мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастырудың маңызы" атты баяндаманы бөбекжайдың медбикесі Бейсембаева Гаухар Кабдуллиновна оқып, маусымдық өзгерістерге байланысты сауықтыру шараларына, балалардың тамақтануына тоқталып өтті. Музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовна "Музыкалық-дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылықтарын дамыту" тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Ересек тобының бірлестік басшысы Бахтыбаева Ұлжалғас Шериевна "Денсаулыққа бастаған алғашқы қадамдар", кіші, ортаңғы тобының бірлестік басшысы Ибраева Саягул Мукановна "Қимылды ойындар-бала дамуының негізі" атты ойындар жиынтығы мен денсаулық жинақтамаларымен таныстырып, көрсетті. Бөбекжай директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна "Ақбота" бөбекжайының Ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, бекітті. Жұмыстар талқыланып, қаулы шығарылды.